Өткен тәулікте 56 адам COVID-19-ға шалдықты

Дәурен Ерболат

6 науқас өте ауыр халде жатыр

Фото: delfi.lt/ Vidmantas Balkūnas

Қазақстанда өткен тәулікте 56 адамнан коронавирус анықталды, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.

16 қаңтардағы мәлімет бойынша елімізде 2 159 адам COVID-19-дан (КВИ+ 2 011 адам, КВИ- 148 адам) емделіп жатыр.

Оның ішінде 220 пациент стационарда, 1 939 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 8 науқастың жағдайы ауыр, 6 пациенттің жағдайы өте ауыр, 4 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған, - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, пандемия басталғалы бері 1 404 991 адам COVID-19-ға шалдықты, 13 843 адам аурудан қайтыс болды.

Сондай-ақ коронавирус белгілері бар пневмония 90 645 адамнан анықталып, 5 406 адам қайтыс болды.