×

Талдықорған тұрғыны өз үйінде есірткі сатқан

Сондай-ақ оның үйінен атыс және травматикалық қаруының оқ-дәрілері табылды

 Динара Амантай 14.01.2023 | 18:03
Коллаж: Halyq Uni

Есірткі сатумен айналысқан Талдықорған тұрғыны ұсталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, ұстау операциясына Ұлттық Ұлан сарбаздары мен кинологтар тартылған. Талдықорған қаласының 45-жастағы тұрғыны ұсталды, ол «Болашақ» шағын ауданындағы өзінің пәтерін есірткі саудалайтын орынға айналдырған. Ер адам шамамен 14 грамм марихуананы сату кезінде ұсталды.

Сондай-ақ күдіктінің тұрғылықты жерінен синтетикалық есірткіге жататын 83 грамм «Пирролидин» табылды. Бұған қоса тінту кезінде полицейлер атыс және травматикалық қаруының оқ-дәрілерін тапты.

Аталған дерекке қатысты қылмыстық тергеу амалдары басталды. Ұсталған адам қамауға алынды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама