×

Шу бекетінде аса ірі мөлшерде есірткі тасымалдаған ер адам ұсталды

Тергеу жүргізіліп жатыр

 Динара Амантай 14.01.2023 | 15:05
Фото: видеодан скриншот

Көлік полицейлері Шу станциясында Алматы облысының тұрғынынан аса ірі мөлшерде есірткі затын тәркіледі, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 10 қаңтарында қызметтік-іздестіру иті Шу станциясының темір жол вокзалының перронында Алматы облысының тұрғынынан есірткі зат тапқан. Оның сөмкесінен жалпы салмағы 12 келі 480 грамм «марихуана» есірткі заты табылып, тәркіленді.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 296 - бабы 4-бөлігі, яғни есірткі құралдарын аса ірі мөлшерде заңсыз сақтау бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, - деді Көліктегі полиция департаментінің бастығы Бақытжан Малыбаев.

Күдікті Шу ауданында жабайы қарасора жинап, оларды Алматы қаласына темір жол көлігімен тасымалдауды жоспарлағаны анықталды.

Қазір ұсталған азамат полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама