×

Алакөлде суға батқан жүргізушінің денесі табылды

Құтқарушылар оның денесін 28 метр тереңдіктен жер бетіне шығарды

 Динара Амантай 14.01.2023 | 13:38
Фото: Абай обл. ТЖД баспасөз қызметі

Суға батқан жүргізушінің денесін Алакөл көлінде сүңгуір құтқарушылар тапты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 2023 жылғы 13 қаңтарда сағат 15:10 шамасында Нива маркалы автокөліктің жүргізушісі жолаушымен Алакөл көлін мұз үстімен кесіп өткен. Мұз жамылғысының сынуы салдарынан көлік су астында қалды. Көлікте отырған жолаушы көліктен шыға алды. Өкінішке қарай жүргізуші көлік салонынан шыға алмай суға батып кетті.

Құтқару жұмыстары барысында 14 қаңтарда таңертең сағат 11-де Абай облысының құтқарушылары суға батқан адамның денесін 28 метр тереңдіктен жер бетіне шығарды.

ТЖМ күштері мен құралдары Абай облысының ҚОҚ 4 адам 1 техника бірлігі, ЖАО 25 адам 6 техника бірлігі тартылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама