1 миллионнан аса қазақстандық банкрот деп жариялануы мүмкін
Бұл туралы Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов елорда тұрғындарымен кездесуінде айтты.
Осы заң щеңберінде банкроттық рәсімдейтіндердің жалпы саны 1 млн 170 мыңнан асуы мүмкін. Біздің бағалауымыз бойынша, олардың 1 млн 40 мыңы соттан тыс, ал 36 мыңнан астамы немесе 40 мыңға жуығы сот банкроттығына жүгінеді. Бұл – болжамға сәйкес күтілетін ең көп көлем, - деді вице-министр.
Сонымен қатар Ержан Біржанов азаматтарды банкрот деп тану қарызды кешіру акциясы емес екеніне тоқталды.
Банкроттық – әр азаматтың еркімен жүзеге асырылады. Мысалы, үшінші жақтағы тұлғалар өзге адам үшін банкроттықты қозғай алмайды. Бұл тек әр азаматтың еркі болуы керек. Себебі, банкроттық деген қарызды кешіру акциясы емес. Оны азаматтар түсінуі қажет.. Оның заңмен реттелетін салдары бар. Банкрот деп танылған адамдар 5 жыл несие ала алмайды. Сонымен бірге, 7 жыл ішінде өзін қайта банкрот деп жариялай алмайды, - деп атап өтті Ержан Біржанов.