Halyq Uni логотип
×

7 жасар бала душ қабылдап жатып күйіп қалды

Оқыс оқиға сантехниктің жертөледе жөндеу жұмыстарын жүргізген соң болған

 Наима Нұрәлі 14.01.2023 | 12:00
7 жасар бала душ қабылдап жатып күйіп қалды
фото: nabat.news

Астанадағы көпқабатты үйлердің бірінде 7 жасар бала душ қабылдап жатып күйіп қалды. Анасының сөзінше, душ суының температурасы кененттен өзгеріп, ыстық су аға бастаған. Салдарынан бала құлап кетіп, арқасы мен алақанын күйдіріп алыпты.

Су температурасының өздігінен ауысуы желтоқсанда, жертөледе сантехниктің жөндеу жұмыстарын жүргізген соң басталды. Шағым бойынша пәтер иелері кооперативіне жүгінсек, төраға қабылдағысы келмеді. «Бұл менің мәселем емес, маған қатысы жоқ» деп айтты, - деді зардап шеккен баланың анасы Александра Тимошина.

«Астана ЖылуТранзит» өкілдері үйлерге жылудың берілуіне ғана жауап беретінін айтады. Пәтерлерге қалай бөлінетінін пәтер иелері кооперативі шешеді екен. 

Біз ғимараттардың жертөлесіне жауаптымыз, яғни құбыр ауыстыру және т.б. Ыстық суға қатысымыз жоқ. Мұндай мәселе тек осы үйде ғана емес, – дейді диспетчер. 

Александраның айтуынша, соңғы аптада тек ұлы ғана емес, көршілері осындай жағдайға тап болыпты. Болған жағдайға көз жұмып қарай алмаймын деген ол ұлының еміне кеткен шығынды өндіріп алмақшы.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама