Украинада кедейлік деңгейі 10 есе артты - Дүниежүзілік банк
Былтыр ішкі жалпы өнім 30 пайыздан артық құлдыраған
Дүниежүзілік банк соғыс салдарынан Украинада кедейлік деңгейі 10 есе артқанын мәлімдеді.
Былтыр халықтың төрттен бірі жоқшылықта өмір сүруге мәжбүр болған. Ал биыл жыл соңына қарай бұл деңгей тіпті 55 пайызға дейін шарықтап кетуі де әбден мүмкін дейді сарапшылар.
Украина ұлттық экономика министрлігінің мәліметінше, ішкі жалпы өнім 2022 жылы 30 пайыздан артық құлдыраған. Экономиканың бірқатар секторы және қаржы саласы түрлі қиындыққа тап болды.
Ал Украина премьер-министрінің мәлімдеуінше, былтыр Киев АҚШ, Еуропа, Ұлыбритания, Жапония және Халықаралық банктен көмек ретінде 1 трлн гривень қаражат алған.
2023 жылы қалайда экономиканы көтеруге күш жұмсайтын боламыз. Мемлекет әсіресе жеке бизнес сектордың жағдайын реттегісі келеді. Ол үшін жеңілдетілген несие беру жолдарын қарастырып жатырмыз, - деді Украинаның премьер-министрі Денис Шмыгаль.