Halyq Uni логотип
×

Павлодарда жанжал кезінде полицейлердің бірі тапанша қолданған

«Бұзақылық» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр

 Динара Амантай 13.01.2023 | 14:50
Павлодарда жанжал кезінде полицейлердің бірі тапанша қолданған
Фото: Halyq Uni

Павлодардағы мекемелердің бірінде полицейлердің арасында жанжал туындап, олардың бірі тапанша қолданған, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 12 қаңтарда Павлодарда Суроганов көшесінің бойындағы мекемеге келушілер арасында жанжал туындап, оның барысында жанжалға қатысушылардың бірі – ІІМ оқу орталығының қызметкері газ тапаншасын қолданған.

Аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 3-бөлігі («Бұзақылық») бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сондай-ақ жанжалға қатысушылардың арасында бала күтіміне байланысты демалыста отырған Екібастұз қаласының ПБ қызметкері де бар екендігі белгілі болды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама