×

Құрылыс басқармасы басшысының орынбасары 8 жылға сотталды

Сондай-ақ өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылды

 Динара Амантай 13.01.2023 | 12:17
Фото: tengrinews.kz

Ақмола облысы құрылыс басқармасы басшысының орынбасары бюджет қаржысын жымқырғаны үшін сотталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Көкшетау қалалық сотының үкімімен Ақмола облысы құрылыс басқармасы басшысының орынбасары М. Қансейітов кінәлі деп танылып, өмір бойы мемлекеттік қызмет атқару құқығы шектеліп, 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Сол үкіммен «Сарапшы Арсенал» ЖШС-нің құрылтайшысы Б. Шаймерденов пен «Көкшестрой Технадзор» ЖШС-нің техникалық қадағалау инженері О. Ренн кінәлі деп танылып, сәйкесінше 7,5 және 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Оларға мемлекеттік қызметте 5 жыл мерзімге қызмет атқару құқығынан айыру түріндегі жаза қолданылды.

Тергеу барысында сотталғандардың Щучинск қаласында жүз пәтерлік тұрғын үй салуға бөлінген 50,5 миллион теңге көлемінде құрылыс монтаждау жұмыстары нақты орындалмағаны үшін бюджет қаражатын ұрлағаны дәлелденді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама