Теміртау тұрғындарына жарық әлі берілген жоқ
Ондаған көпқабатты үй мен 600-ге жуық жер үйде электр қуаты сөніп қалған
Кешеден бері Теміртау қаласындағы үйлердің жартысы жарықсыз отыр.
«Вечерняя Караганда» басылымының хабаралуынша, Темірдаудағы ондаған көпқабатты үй мен 600-ге жуық жеке үйде электр қуаты апатты жағдайда сөніп қалған.
Бұл желідегі жүктеменің шамадан тыс көп болуынан болуы мүмкін деген болжам бар. Өйткені Теміртауда жылыту бойынша проблемалар бар. Сол себепті, тұрғындар жылытқыштарды пайдаланады, – делінген матерталда.
Тұрғындарға жарық әлі берілген жоқ.