Halyq Uni логотип
×

Семейде шенеунік креслоны 38 млн теңгеге сатып алмақ болған

Мекеме мемлекеттік сатып алу құнын 1 млрд теңгеге асыра бағалаған

 Динара Амантай 13.01.2023 | 11:23
Семейде шенеунік креслоны 38 млн теңгеге сатып алмақ болған
Фото: Halyq Uni

Семейде Мәдениет сарайының басшылығы 38 миллион теңгеге кресло сатып алмақ болған, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Абай облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мемлекеттік сатып алу мониторингі аясында мемлекеттік сатып алу құның 1 млрд тенгеден асыра бағалау фактісін анықтады.

Мысалы, Семей Мәдениет сарайының басшылығы ғимараттар мен құрылыстарды қайта жаңғыртуды жобалау қызметін сатып алуды жоспарлаған. Осы мақсаттарға мекемеде 1 миллиард теңгеден аса қаржы (1 071 миллион) бөлу қажеттілігі туралы шешім қабылданған. Алайда мұндай қызметтің нақты құны 10 миллион теңгеден аспайды.

Антикордың ұсынған ұсынысынан кейін ғана бұл сома жойылды.

Бұдан бөлек, осы мекеме басшылығы бір данасы 38 миллион теңге тұратын кресло сатып алмақ болған. Бұл ретте оның нарықтағы құны небәрі 150 мың теңге, яғни 200 есе арзан.

Бұл сатып алу бойынша да тиісті ұсыныс хат жолданды, қазір ол қарастырылып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама