Бір тәулікте 112 адамнан коронавирус анықталды

Халық үні

3 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған

Фото: rus.lsm.lv

Қазақстанда бір тәулікте 112 адамнан коронавирус анықталды. Қайтыс болғандар тіркелмеді, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

13 қаңтардағы мәлімет бойынша, 2 315 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр. Оның ішінде 225 пациент стационарда, 2 090 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

Коронавирус анықталғандардың арасында 9 адамның жағдайы ауыр, 5 пациенттің жағдайы өте ауыр.

3 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Айта кетейік, бұған дейін 138 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды.