Қазақстанда еңбек даулары азаймай тұр
Жұмысшылардың өз табысына көңілі толмайды
Елімізде еңбек даулары азаймай тұр. Жағдай алаңдаушылық тудырады. Бұл туралы Қазақстан кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Айтуынша, Үкімет жұмысшылардың талабын ескеруге тиіс.
Елімізде әлеуметтік шиеленісті жағдайлар азаймай отыр. Бұл ерекше алаңдаушылық тудырады. Мысалы, биыл нақты сектордағы кәсіпорындармен қатар, еңбек даулары жедел жәрдем, пошта, авариялық-құтқару қызметі және тағы басқа салаларда тіркелді, - деді Сатыбалды Дәулеталин Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында.
Оның айтуынша, кейбір жауапсыз жұмыс берушілер қоғамда кәсіподақтар туралы жағымсыз пікір қалыптастырғысы келеді.
«Олар кәсіподақтарды бәсекеге кедергі жасайтын, өндірістің тиімділігін төмендететін ұйым ретінде көрсеткісі келеді. Осыған байланысты кәсіподақтар мен жұмысшылар әлеуметтік шиеленісті тудырмайтынын айтқым келеді. Еңбек даулары жұмысшылардың құқығының бұзылуы мен олардың табысына қатысты туындайды. Бұл салада жүйелі проблемалар барын көрсетеді», - деді ол.
Оның пікірінше, еңбек заңнамасына енгізілетін түзетулерді қайта қарау керек.
Мысалы, заңда жұмысшыларды ұсыну және еңбек дауларын шешу процедурасын жеңілдету, оның ішінде осы құқықты кәсіпорындағы кәсіподаққа беру бар. Татуластыру комисиясынан немесе еңбек арбитражынан, жұмысшылардың келіссөз жүргізуге талабынан бас тартқан жұмыс берушілерге жауапкершілікті күшейту керек. Бұл наразылық сипатындағы жағдайды өзгертіп, келіссөз жүргізуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ еңбек дауларын бақылау және алдын-алу да маңызды болып саналады, - деп түйіндеді сөзін Қазақстан кәсіподақтар федерациясының төрағасы.