×

Башқұрстанда соғысқа барудан бас тартқан тағы бір адам сотталды

Мобилизациядан жалтарғандарға 5 жылдан 10 жылға дейін түрме жазасы қолданылады

 Дастан Жұмабекұлы 12.01.2023 | 16:44
фото: ашық дереккөз

Ресейдің Башқұртстан Республикасы Уфа қаласының әскери соты 24 жастағы Марсел Кандаровты Украинаға қарсы соғысқа барудан бас тартқаны үшін бес жылға бас бостандығынан айырды.

Оған әскерге ішінара жұмылдыру кезінде әскери борышын өтеуден қашқан деген айып тағылды. Кандаров былтыр мамыр айында мобилизациядан бас тартырп, әскери бөлімге келмей қойған. Қыркүйек айында ол тұтқындалған. 

Ресей Мемлекеттік думасы былтыр жаңа әскери норма қабылдаған еді. Бұл норма бойынша мобилизациядан бас тартқандарға (Ресейде ол «әскери борышты өтеуден жалтару» деп аталады, - ред.) 5 жылдан 10 жылға дейін түрме жазасы қолданылады. 

Былтыр желтоқсанда Уфа соты тағы бір адамға дәл осы жазаны қолданған. 27 жастағы Салават Мирасов деген азамат та соғысқа барудан бас тартқан.   

Бұл екеуі ғана емес, Ресейде осыған дейін дәл осы жаза оншақты адамға қолданылған. Ресейде ер адамдар үшін екі таңдау бар. Бірі –  соғысқа бару, екіншісі – түрмеге қамалу.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама