×

Бурабайдағы бала өлімі: комиссия құрылды, лагерь басшылығы қатаң жазаға тартылады

Оқу-ағарту министрі мәселені жеке бақылауында ұстайтынын айтты

 Халық үні 12.01.2023 | 16:16
фото: ашық дереккөзден

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Бурабайдағы лагерде болған бала өліміне қатысты түсінік берді. Ол жағдайды жеке бақылауында ұстайтынын айтып, тексеру нәтижесінің қорытындысы бойынша лагерь басшылығы қатаң жазалатынын жеткізді. 

Өте ауыр жағдай. Бұл жайт бойынша комиссия құрылды. Тексеріс нәтижесінен кейін лагерь басшылығы қатаң жазаға тартылады. Құқық қорғау органдары да тергеп-тексеру амалын жүргізіп жатыр, - деді Ғани Бейсембаев министрліктің алқа отырысынан кейін.

Еске салайық, 11 қаңтар сағат 6:36-да Бурабайдағы лагерде бала қайтыс болғаны туралы аудандық полиция бөліміне жедел жәрдем станциясының фельдшері хабарлаған.

Полицияның хабарлауынша, жасөспірім 9 қаңтарда Ақтөбе облысынан Бурабай ауданына балалар тобының құрамында келген. Қаңтардың 10-ынан 11-іне қараған түні жасөспірім іші ауырып тұрғанын айтқан. Таңертең сағат 5:00 шамасында ауырсынуы күшейіп, медициналық бөлімге жүгінген. Артынан жедел жәрдем шақырылған. Алайда, жедел жәрдем келгенге дейін бала көз жұмған.

Алдын ала тексеру нәтижесінде қайтыс болған баланың бойынан зорлық-зомбылық белгілері байқалмаған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама