×

Жетісу облысының тұрғыны ауылдасын пышақтап тастады

Кісі өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды

 Динара Амантай 12.01.2023 | 15:10
Фото: ашық дереккөз

Жетісу облысының тұрғыны ауылдасын өлтірді деген күдікке ілінді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 12 қаңтарда Пенжім ауылында зорлықпен өлім белгілері бар 28 жастағы жергілікті тұрғынның мәйіті табылған. Аталған дерек Панфилов ауданында тіркелді. Оны өлтірген күдікті ұсталып, аудандық полицияға жеткізілді.

Жәбірленушімен бір ауылда тұратын 33 жастағы ер адам ұсталды. Алкогольді бірге ішкен кезде ер адамдар арасында жанжал туындап, пышақпен төбелеске ұласқаны алдын ала анықталды. Кісі өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдікті қамауға алынды, – деді Панфилов аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Ернар Қалтаев.

Еске сала кетсек, бұған дейін Жетісу облысында 3 айлық сәби пышақ жарақатынан көз жұмған болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама