×

Өткен тәулікте қанша адамнан коронавирус анықталды

Инфекция салдарынан бір адам қайтыс болды

 Халық үні 12.01.2023 | 09:44
фото: who.int

Қазақстанда бір күнде 138 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Бір күн бұрын 175 науқас тіркелген, деп хабарлайды Halyq Uni.

Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, инфекция салдарынан бір адам қайтыс болды.

12 қаңтардағы мәлімет бойынша, 2 343 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр.

Оның ішінде 231 пациент стационарда, 2 112 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

Коронавирусқа шалдыққандар арасында 8 адамның жағдайы ауыр, 5 пациенттің жағдайы өте ауыр деп бағалаған.

Үш адам жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама