×

Алматы – Өскемен тас жолында апат салдарынан 2 адам қаза тапты

ЖКО дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды

 Динара Амантай 11.01.2023 | 15:57
Фото: polisia.kz

Алматы-Өскемен тас жолында жеңіл көлік пен КамАЗ-дың соқтығысуы салдарынан 2 адам көз жұмды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі. 

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, жол апаты бүгін Сарқан ауданында болған. Жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

 Алматы-Өскемен автожолының 448-шақырымында жол-көлік оқиғасы болды. Hyundai Accent көлігінің жүргізушісі – 50 жастағы ер адам рөлді басқара алмай, қарсы келе жатқан КамАЗ көлігімен соқтығысты. Оқиға орнында жеңіл автокөліктің жүргізушісі мен 34 жастағы жолаушы әйел қаза тапты, – деп хабарлады облыстық ПД ППБ 5-взводының командирі Асхат Әмірхамзаев.

Еске сала кетсек, бұған дейін Жетісу облысында жол апатынан 2 адам қаза тапқанын хабарлаған болатынбыз.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама