Алматы – Өскемен тас жолында апат салдарынан 2 адам қаза тапты
ЖКО дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды
Алматы-Өскемен тас жолында жеңіл көлік пен КамАЗ-дың соқтығысуы салдарынан 2 адам көз жұмды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, жол апаты бүгін Сарқан ауданында болған. Жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Алматы-Өскемен автожолының 448-шақырымында жол-көлік оқиғасы болды. Hyundai Accent көлігінің жүргізушісі – 50 жастағы ер адам рөлді басқара алмай, қарсы келе жатқан КамАЗ көлігімен соқтығысты. Оқиға орнында жеңіл автокөліктің жүргізушісі мен 34 жастағы жолаушы әйел қаза тапты, – деп хабарлады облыстық ПД ППБ 5-взводының командирі Асхат Әмірхамзаев.
Еске сала кетсек, бұған дейін Жетісу облысында жол апатынан 2 адам қаза тапқанын хабарлаған болатынбыз.