Алматыда оқушылар мен колледж студенттері екі күн қашықтан оқиды

Халық үні

Өзгерістерге ауа райының қолайсыздығы себеп болған

Halyq Uni

Алматыда оқушылар колледж студенттері екі күн қашықтан оқиды. Бұл туралы қаланың білім басқармасы хабарлады.

«Ауа райының қолайсыздығына байланысты 2023 жылдың 12-13 қаңтарында 0,1-11 (12) сынып оқушылары мен колледждердің 1,2  курс студенттері қашықтан оқыту талаптары мен ережелеріне сәйкес қашықтан оқытуға көшеді», - делінген Алматы білім басқармасы таратқан ақпаратта.

Айта кетейік, Астанада 11 қаңтарда ауа райының қолайсыздығына байланысты екінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылды.