Алматыда альфонс-алаяқ ұсталды
Ол жәбірленушілердің бірін 4 млн теңгеге алдаған
Алматы полициясы әйел адамдарды алдаған алаяқты ұстады. Оның кінәсінен жәбірленушінің бірі 4 млн теңгесінен айырылған.
Алмалы аудандық полиция басқармасына қарасты криминалды полиция бөлімінің бастығы Мақсат Қайратов пен оның қарамағындағылар күдіктіні 18 күн бойы іздеп, алаяқтың соңына түскен.
Полиция қызметкерлері барлық озық IT-мүмкіндікті пайдаланып, алаяқты ұстағанда оған алданған әйелдердің бәрі ақшаларынан айырылғандарын айтты. Соның бірі альфонс-алаяққа 4 млн теңгеге алданғанын жеткізді.