Экс-президент Назарбаевты жауапқа тартуға бола ма?
Бүгін Тұңғыш президент туралы заңның күші жойылды
Мәжіліс депутаты Арман Қожахметов Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевты қылмыстық жауапкершілікке тарту мәселесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Мәжілістің жалпы отырысынан шыққан депутатқа журналистер сұрақ қойды.
«Экс-президент мемлекетке опасыздық жасаған жағдайда оны қылмыстық тұрғыда қудалауға бола ма? Егер Нұрсұлтан Назарбаевтың қаңтар оқиғасына қатысы болса, Ата заңның 46-бабына сүйеніп, оны қылмыстық жауапкершілікке тартуға бола ма?» - деді БАҚ өкілі.
Арман Қожахметов мұндай жағдайда экс-президентті жауапқа тартуға болатынын жеткізді.
Менің ойымша, болады, - деді ол.
Айта кетейік, Конституцияның 46-бабына сәйкес, Қазақстан президентіне (экс-президентіне), оның абыройы мен қадір-қасиетіне ешкімнің тиісуіне болмайды. Сондай-ақ экс-президент пен оның отбасын қамтамасыз ету, оларға қызмет көрсету және қорғау мемлекет есебінен жүзеге асырылады.
Еске салайық, бүгін Тұңғыш президент туралы заңның күші жойылды.