×

Басшылық қызметке тағайындау үшін ақша алатын адамдар тобы ұсталды - ҰҚК

Қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде

 Қымбат Елтайқызы 16.03.2022 | 09:29
фото: ҰҚК баспасөз қызметі

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Нұр-Сұлтан қаласы полициясы, ҰҚК Ақтөбе және Қарағанды облыстары бойынша департаменттерімен бірлесіп, аса ірі мөлшердегі алаяқтыққа күдікті адамдар тобын ұстады.

Өздерін мемлекеттік органдардың қызметкерлері деп таныстырып, жоғары лауазымды адамдар атын жамылған теріс пиғылдылар кәсіпкерге 1,5 млн АҚШ доллары сомасы үшін оны мемлекеттік құрылымдардың біріне басшылық лауазымға тағайындау мәселесін шешіп беруді ұсынған.

Олар жалға алынған «премиум-класс» автомашиналарын пайдаланған және жалданған күзеттің ілесіп жүруімен астананың элиталық орындарында кездесулер өткізген.

2022 жылғы 4 наурызда Нұр-Сұлтан қаласы 30 млн теңге мөлшерінде ақшалай қаражаттың бір бөлігін беру кезінде топтың үш мүшесі және Ақтөбе мен Балқаш қалаларында тағы екеуі ұсталды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Алматы мәслихатына сайланған депутаттардың аты-жөні белгілі болды

Қала бойынша Amanat партиясы 51,94% дауыс жинады
24.03.2023 | 17:05

Ресей мен Беларусь хоккейден 2024 жылғы әлем чемпионатына жіберілмеді

Ұйым басшылығы спортшыларды жарыстарға қатыстырудың өзі қауіпсіздікке залал келтіреді деп санайды
24.03.2023 | 16:53

Атырауда трамадолды шамадан тыс қолданған спортшы суицид жасады (ВИДЕО)

Бұл препарат Украина, Ресей, Өзбекстан, Беларусь мемлекеттерінде есірткілердің тізіміне енгізілген
24.03.2023 | 16:32

Роналду жаңа рекорд жасады

Португалияның футболшысы ресми матчтарда 100 гол салды
24.03.2023 | 16:23