×

Елордада 25 жыл бойы іздеуде жүрген ресейлік ұсталды

Ол аса ауыр қылмыс жасаған

 Қымбат Елтайқызы 16.03.2022 | 07:00
фото: ашық дереккөзден

Нұр-Сұлтанда 25 жылдан астам уақыт бойы іздеуде жүрген ресейлік құпықталды.

Қылмыстық қудалаудан жасырынып жүрген ер адам 25 жылдан астам уақыт іздеуде болды. 51 жастағы айыпталушының 1997 жылы тамызда Ресейдің Ростов облысында серіктесімен екі азаматты өлтіргені анықталды. Қылмыс автокөлікті иемдену мақсатында жасалған, – дейді астананың полиция департаменті.

Ұсталған адамға Ресейдің қылмыстық кодексінің 105-бабы 2-бөлігі бойынша «екі адамды өлтірді» деген айып тағылды. Ростов облысы бойынша Ресей ІІМ ММ – іздеу бастамашысы. Айыпталушы тергеу изоляторына қамалды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама