Halyq Uni логотип
×

Қазақстандықтардың өмір сүру жасы ұзарды – министр

Ана мен бала өлімі азайған

 Дәурен Ерболат 10.01.2023 | 11:15
Қазақстандықтардың өмір сүру жасы ұзарды – министр
Фото: Halyq Uni

2022 жылы халықтың өмір сүру жаcы ұзарды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Министр президент тапсырмасыy орындау үшін кешенді жұмыс жүргізілгенін атап өтті.

Тапсырмаларды іске асырудың арқасында халықтың негізгі медициналық-демографиялық көрсеткіштері жақсарды. Былтыр 11 айда халықтың жалпы өлім-жітімі 2021 жылмен салыстырғанда 30%-ға (29,7%) төмендеді: қан айналым жүйесі ауруларынан болатын өлім-жітім – 34% (33,7%), обыр – 8% (8,3%), тыныс алу ауруларынан болатын өлім-жітім – 1,7 есе, туберкулезден болатын өлім-жітім – 12,5%, - деді Ажар Ғиният министрліктің кеңейтілген алқа отырысында.

Оның айутынша, былтыр ана өлімі 3 есе (2021 жылы – 185 дерек, 2022 жылы – 57 дерек), ал нәресте өлімі 3% төмендеген.

Өткен жылы халықтың өмір сүру ұзақтығының артқаны сөзсіз. Жылдық ресми статистика қорытындысы бойынша өңірлердің денсаулық сақтау саласындағы жетістіктері мен кемшіліктері министрліктің келесі алқа отырысында қаралады, - деп түйіндеді сөзін министр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама