Halyq Uni логотип
×

Шенеуніктер мен кәсіпкерлерден ақша бопсалады деген күдікке ілінген журналист ұсталды (ВИДЕО)

Ол компания құрып, қазақстандықтарды алдаған

 Дәурен Ерболат 09.01.2023 | 17:03
Шенеуніктер мен кәсіпкерлерден ақша бопсалады деген күдікке ілінген журналист ұсталды (ВИДЕО)
Тоқберген Әбиев. Фото: Tengrinews.kz

Журналист Тоқберген Әбиев жалған мәлімет таратып, шенеуніктер мен кәсіпкерлерден ақша бопсалаған деп күдікке ілінді, деп хабарлады Антикор.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Тоқберген Әбиевтің БАҚ-та зиянды мәліметтерді тарату және өзінің Youtube-арнасында шындыққа сәйкес келмейтін бейнежазбаларды жою үшін кәсіпкерден аса ірі мөлшерде ақша бопсалады деген күдікпен қылмыстық әрекетінің жолын кесті, - деп жазылған хабарламада.

2022 жылғы 14 желтоқсанда Әбиев 50 млн теңгемен ұсталып, соттың санкциясымен 2 айға қамауға алынды.

Сондай-ақ Әбиев мемлекеттік органдар қызметкерлері мен азаматтарды адастыру үшін «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті» компаниясын құрып, заңды тұлға болып тіркелген.

Ол аталған ұйымның басшысы және билік өкілі болып көрініп, кәсіпкерлер мен мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарынан өзінің жеке мүддесі үшін іс-әрекеттер жасауды, сондай-ақ заңда белгіленген тәртіпті бұзып, ақпарат пен материалдар беруді талап еткен. Абиев тек өз мүддесін ойлап, ақша үшін жеке тұлғаларға өзі құрған ұйымның қызметтік куәліктерін беріп, оларды алдаған. Алайда Әбиевтің құқық қорғау органдарының жұмысымен ешқандай байланысы болмаған, - деп жазылған хабарламада.

Енді оның осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы туралы ақпарат тексеріледі.

Әбиевтің осындай фактілерге қатысы бар болса, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке (1424) хабарласуыңызды сұраймыз, – деп мәлімдеді ведомство.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес басқа ақпарат жарияланбайды.

Айта кетейік, журналист Тоқберген Әбиев бұрын «Закон и правосудие» газетінің бас редакторы болған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама