Halyq Uni логотип
×

Астанада миллиондаған теңгенің тауарын ұрлаған Яндекстің курьері ұсталды

Күдікті заттарды клиентке жеткізбей, өзі алып отырған

 Дастан Жұмабекұлы 09.01.2023 | 16:10
Астанада миллиондаған теңгенің тауарын ұрлаған Яндекстің курьері ұсталды
фото: ашық дереккөз

Астанада 3,5 млн теңгеден астам тауар ұрлаған Яндекс курьері ұсталды.

Астананың полицейлері алаяқтық әрекет жасады деген күдікпен Көкшетаудың 26 жастағы тұрғынын қолға түсірген. Тәртіп сақшыларының айтуынша, ол тапсырыс берушіден өтінімді қабылдап, дүкеннен жаңа тауар алып отырған. Бірақ ол заттарды клиентке жеткізбей, өзі алып отырған.

Алданған қала тұрғындары курьерге хабарласа алмапты. Осылайша, ол ұялы телефондар, ноутбуктер, сымсыз құлаққаптар және басқа да құрылғыларды ұрлаған.

Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбектің айтуынша, қазір күдіктіге қатысты Қылмыстық кодекстің 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдіктінің мүлкі тәркіленіп, 10 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама