×

Биылдан бастап 10-11 сынып оқушылары колледжде де қосымша оқи алады

Екі кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдарымен келісім жасалған

 Еркеғали Болатұлы 09.01.2023 | 13:46
фото: ашық дереккөз

Оқу-ағарту министрлігінің шешімімен биыл 1 қыркүйектен бастап еліміздегі 10-11 сынып оқушылары бір мезетте мектепте де, коледжде де оқи алатын болды.

Айта кетсек, бұл қос деңгейлік білім беру пилоттық жобасын қолданысқа экс-министр Асхат Аймағамбетов енгізген болатын. Соған сәйкес, түске дейін мектепте сабақ оқып жүрген оқушы түс қайта кәсіби білім беретін арнайы оқу орнында білім алуға құқылы.

Бұл ретте оқушы мамандықты да өзі таңдайды. Ал жоба бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.

Экспериментті білім беру алдағы екі оқу жылында тәжірибе ретінде іске қосылғалы жатыр. Қазір әр өңірден тек екі кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдарымен келісім жасалған. Олар 16 мамандық бойынша жұмысшы мамандарды дайындайды. Сол мамандықтар бойынша әрбір оқушы кәсіптік-техникалық оқыту ұйымының дипломын қосымша алып шығады.

Алайда колледждерде қосымша білім алатын бала саны 15-тен аспауы шарт.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама