Halyq Uni логотип
×

Атырауда бір үйдің төрт баласы газдан уланып қалды

Балалардың қазіргі жағдайы айтылды

 Халық үні 09.01.2023 | 13:18
Атырауда бір үйдің төрт баласы газдан уланып қалды
көрнекі фото: shutterstock.com

9 қаңтар күні сағат 07:30-да Атырау қаласындағы тұрғын үйлердің бірінде тұрғындардың табиғи газдан уланғаны туралы хабарлама келіп түскен.

Атырау облысы ТЖД қызметкерлері оқиға орнына жеткен кезде 5 адамның, атап айтқанда 1980 жылы туған үй иесі және оның 2013, 2014, 2016, 2019 жылы туған балаларының ас бөлмесінде орналасқан газ плитасынан шыққан табиғи газдан уланып, облыстық балалар ауруханасына жеткізілген.

Қазір балалардың жағдайы бір қалыпты, олар үйлеріне жіберілді. Атырау облыстық Төтенше жағдайлар департаменті уланудың себебі анықтап жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама