Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары тағайындалды
Бұл қызметті енді Ерлан Әлжан атқарады
Қасым-Жомарт Тоқаев Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының орынбасарын тағайындады. Бұл қызметті енді Ерлан Әлжан атқарады, деп хабарлады Ақорда.
«Мемлекет басшысының өкімімен Ерлан Ибрагимұлы Әлжан Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды», - делінген ақпаратта.
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі – президентке тікелей бағынатын және есеп беретін, бәсекелестiктi қорғау және монополистік қызметтi шектеу саласында басшылықты, мемлекеттік монополия саласына жатқызылған қызметті бақылау мен реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган. Сондай-ақ тауар биржалары саласындағы қызметті мемлекеттік бақылау және лицензиялауға жауапты.