Halyq Uni логотип
×

Су кодексі және адам саудасы: 2023 жылы қандай маңызды заң жобалары әзірленеді

Ұлттық экономика және экология министрлігі төрт заң жобасынан дайындайды

 Айгерім Таубай 09.01.2023 | 11:15
Су кодексі және адам саудасы: 2023 жылы қандай маңызды заң жобалары әзірленеді
Фото: Абзал Қалиев

Үкіметтің жоспары бойынша 2023 жылы 25 заң жобасы әзірленеді. Оның ішінде су кодексі, адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы және тұтынушының құқығын қорғау туралы заң жобасы бар. Halyq Uni 2023 жылы қандай заң жобасы әзірленетінін жинақтады.

Әділет министрлігінің хабарлауынша, бірінші жартыжылдықта парламентке 14 заң жобасы енгізіледі.

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су кодексі және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне су ресурстарын қорғау және пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын әзірлейді.

Ұлттық экономика министрлігі Қазақстан Республикасының әкімшілік реформасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасына жауапты.

Бұл заң жобалары парламентке наурызда ұсынылады.

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпаратқа қол жеткізу және қоғамдық қатысу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын әзірлесе, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасына сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жауапты.

Қылмыстық, қылмыстық-процестік және қылмыстық атқару кодекстерін оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын Әділет министрлігі әзірлейді.

2023 жылы Ішкі істер министрлігі Қазақстан Республикасында адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы заң жобасын әзірлеп, сәуірде парламентке ұсынады.

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заң жобасын Сауда және интеграция министрлігі әзірлейді.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2024 – 2026 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы заң жобасына Ұлттық экономика министрлігі жауапты болады.

Қаржы министрлігі 2024 – 2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасын дайындайды.

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) туралы заң жобасын әзірлеп, қарашада парламентке ұсынады.

Жалпы алғанда 25 заң жобасының ішінде ақпарат және қоғамдық даму министрлігі – 2, әділет министрлігі – 3, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі – 1, қаржы министрлігі – 1, мәдениет және спорт министрлігі – 1, оқу-ағарту министрлігі – 1, сауда және интеграция министрлігі – 2, төтенше жағдайлар министрлігі – 1, ұлттық экономика министрлігі – 4, ішкі істер министрлігі – 3, экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі – 4, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 2 заң жобасын әзірлейді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама