Halyq Uni логотип
×

СҚО-да бүлдіршінге 35 млн теңгенің дәрісі салынды

Препарат республикалық бюджеттің есебінен алынды

 Халық үні 08.01.2023 | 19:23
СҚО-да бүлдіршінге 35 млн теңгенің дәрісі салынды
Фото: pkzsk.info

Петропавлдағы көпбейінді балалар ауруханасында алғаш рет СМA ауруына шалдыққан бүлдіршінге құны 35 млн тұратын «Спинраза» дәрісі салынды, деп хабарлады pkzsk.info.

СМА – жұлын бұлшықеттерінің атрофиясы, жұлын бұлшықетінің қимыл-қозғалысқа жауап беретін бөлігінің әлсіздігінен туындайтын, сирек кездесетін туабітті ауру.

Дәріні 1 жасар балаға Астанадан келген бала дәрігері, невропатолог Меруерт Маханова пен невролог Дархан Камадиев салды.

72 сағатта препараттың жағымсыз әсері байқалмады әрі баланың жағдайы бақылауда болды. Науқастың жағдайы тұрақты болғандықтан үйіне жіберілді. Бала тұрғылықты жері бойынша амбулаториялық бақылауда болады. Невропатолог пен анестезиолог-реаниматолог дәрігерлер үшін «Спинраза» дәрісін науқасқа салу процедурасына қатысу жаңа тәжірибе болып саналады, - деді дәрігерлер.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама