Көлік жеке үйдің гаражында тұрған
Батыс Қазақстан облысында полицейлер бүгін сағат 10:30 шамасында көліктен 4 жасөспірімнің денесін тапты. Көлік Зашаған кентінің «Сарытау» шағын ауданында орналасқан жеке үйдің гаражында тұрған.
Одан 2006 жылы туған қыз бен 2 жігіт және 2004 жылы туған жігіт табылды. Өлімнің алдын ала себебі – көмірқышқыл газынан улану, - делінген облыстық ПД ақпаратында.
Оқиға орнында медицина және полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.
Жалпы, Оралда соңғы күндері ауа температурасы -26 градусқа дейін төмендеп, қатты аяз болып тұр. Оқыс оқиғаның себебі де осы күннің суықтығына байланысты болуы мүмкін.