Премьер-министр Дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі жедел штабтың кезекті отырысын өткізді
Үкімет үйінде Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі жедел штабтың кезекті отырысы өтті. Онда дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселесі қаралды.
Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният дәрі-дәрмек туралы ақпарат берді.
Қазір республиканың 8 өңірінде - Алматы қаласы, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Алматы, Павлодар, Қостанай, Ақмола, Түркістан облыстарында 5 млрд теңгеден астам сомаға дәрілік заттардың тұрақтандыру қорлары жұмыс істейді, - деді Ғиният.
Министрдің айтуынша, қалған 9 өңірде ірі көтерме дәріхана қоймаларында дәрілік заттар қоры жасалған.
Ведомство басшысы дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге байланысты мәселелер ерекше бақылауда екенін атап өтті.
Бұған дейін Смайылов еліміздегі азық-түлік қоры жайында айтты. Сондай-ақ премьер азық-түлік бағасын тұрақтандыруды тапсырды.