Halyq Uni логотип
×

Ажар Ғиният елдегі дәрі-дәрмек қорына қатысты жауап берді

Премьер-министр Дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі жедел штабтың кезекті отырысын өткізді

 Халық үні 15.03.2022 | 15:00
Ажар Ғиният елдегі дәрі-дәрмек қорына қатысты жауап берді
көрнекі фото: "СҚ-Фармация" қоймасы

Үкімет үйінде Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі жедел штабтың кезекті отырысы өтті. Онда дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселесі қаралды. 

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният дәрі-дәрмек туралы ақпарат берді.

Қазір республиканың 8 өңірінде - Алматы қаласы, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Алматы, Павлодар, Қостанай, Ақмола, Түркістан облыстарында 5 млрд теңгеден астам сомаға дәрілік заттардың тұрақтандыру қорлары жұмыс істейді, - деді Ғиният.

Министрдің айтуынша, қалған 9 өңірде ірі көтерме дәріхана қоймаларында дәрілік заттар қоры жасалған.

Ведомство басшысы дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге байланысты мәселелер ерекше бақылауда екенін атап өтті.

Бұған дейін Смайылов еліміздегі азық-түлік қоры жайында айтты. Сондай-ақ премьер азық-түлік бағасын тұрақтандыруды тапсырды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама