4 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған
Қазақстанда бір тәулікте 169 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.
Инфекциядан қайтыс болғандар тіркелмеді.
8 қаңтардағы мәлімет бойынша, 2 517 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр. Оның ішінде 272 пациент стационарда, 2 245 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
Коронавирус инфекциясы анықталғандардың арасында 15 адамның жағдайы ауыр, 6 пациенттің жағдайындәрігерлер өте ауыр деп бағалаған.
4 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.