×

Бір тәулікте 169 адамнан коронавирус анықталды

4 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған

 Халық үні 08.01.2023 | 09:50
фото: who.int

Қазақстанда бір тәулікте 169 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

Инфекциядан қайтыс болғандар тіркелмеді.

8 қаңтардағы мәлімет бойынша, 2 517 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр. Оның ішінде 272 пациент стационарда, 2 245 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

Коронавирус инфекциясы анықталғандардың арасында 15 адамның жағдайы ауыр, 6 пациенттің жағдайындәрігерлер өте ауыр деп бағалаған.

4 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама