Halyq Uni логотип
×

Көктайғақ, бұрқасын, тұман: 8 қаңтарда ауа райы қандай болады

Елдің солтүстігі мен батысында ауа температурасы күрт төмендейді

 Халық үні 08.01.2023 | 09:32
Көктайғақ, бұрқасын, тұман: 8 қаңтарда ауа райы қандай болады
Фото: Sputnik.kz

«Қазгидромет» синоптиктері 8 қазандағы ауа райын болжады, деп хабарлайды Halyq Uni.

Мамандардың сөзінше, елдің барлық аумағында жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады.

Сондай-ақ еліміздің солтүстік-батысында қатты қар жауады. Солтүстігінде, батысында суық фронттардың өтуіне байланысты ауа температурасы күрт төмендейді.

Республика бойынша жел күшейіп, көктайғақ, бұрқасын болады. Елдің оңтүстігі мен орталығында тұман түседі.

ІРІ ҚАЛАЛАРДАҒЫ АУА РАЙЫ

Астанада күн бұлтты болып, жауын-шашын жауады. Желдің жылдамдығы – 9-14, күндіз екпіні 15-20 м/с болады. Ауа температурасы күндіз 0...+2 градус, түнде -3...-5 градус болады.

Алматыда да күн бұлтты болады, жауын-шашын болмайды. Желдің жылдамдығы – 0-5 м/с. Ауа температурасы күндіз +5...+7, түнде 0...-2 градус болады.

Шымкентте күн бұлтты, жаңбыр жауады. Желдің жылдамдығы – 8-13, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы күндіз +9...+11, түнде +6...+8 градус болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама