Абай облысында қайғылы жол апаты болды
Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр
Абай облысында жол апаты салдарынан 1 адам қаза тапты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 6 қаңтар күні сағат 14:00 шамасында 32 жастағы жүргізуші ВАЗ-2114 көлігін басқарып келе жатып, Омбы - Майкапшағай тас жолында Канонерка ауылы маңында рульге ие бола алмай қалған. Салдарынан қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, қарама қарсы бағыттан келе жатқан көлікпен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан бір жолаушы қаза тапты.
Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазір бірқатар сараптамалар тағайындалды.