Halyq Uni логотип
×

Махамбет Абжан ісі бойынша сот процесі жабық өтеді

Басты сот талқылауы 18 қаңтарда өтеді

 Айгерім Таубай 06.01.2023 | 15:30
Махамбет Абжан ісі бойынша сот процесі жабық өтеді
Halyq Uni

Махамбет Абжанның ісі бойынша сот процесі жабық форматта өтеді, деп хабарлайды Halyq Uni.

Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Айжан Құлбаева жәбірленушінің адвокаты мен прокурордың сот процесін жабық түрде өткізу туралы өтінішін қанағаттандырды.

Сот шешімі өзгертілмейді. Басты сот талқылауы 18 қаңтарда жабық форматта өтеді. Сот залына тек процеске қатысушылар мен іс бойынша куәгерлерге кіруге рұқсат етіледі.

Айта кетейік, бұған дейін Махамбет Абжанның ісі бойынша прокурор Альмира Қожахметова судьядан сот процесі барысында фото-видео, аудио жазуға тыйым салуға өтініш білдіргені хабарланды.

2022 жылдың шілдесінде Махамбет Абжанның екі айға қамауға алынғаны хабарланды. Оны сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қызметкерлері ұстады.

Махамбет Абжан қылмыстық кодекстің 274-бабы 2,3 бөлігі (көрінеу жалған ақпарат тарату) және 194-бабының 2-бөлігі 2-тармағы (қорқытып алу) бойынша айыпталып отыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама