Қазір өңірде 15 автожол жабық күйінде қалып отыр
Шығыс Қазақстанда құтқарушылар Ресей Федерациясының 12 азаматын қар құрсауынан эвакуациялады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, Шемонаиха ауданында «Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы» республикалық маңызы бар автожолда қалған 12 адам қолайсыз ауа райының құрсауында қалған. Оларға көмекке ШҚО ТЖД Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары жол талғамайтын «ТРЭКОЛ» автокөлігімен барды.
Ресей Федерациясының 12 азаматы, оның ішінде 2 бала қауіпті аймақтан эвакуацияланды. Адамдар Шемонаиха қаласының қонақ үйіне орналастырылды. Онда жергілікті атқарушы органдар тамақ пен жылытуды ұйымдастырған.
Қазір өңірде 15 автожол жабық күйінде қалып отыр.