Halyq Uni логотип
×

Бір тәулікте 211 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды

3 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған

 Халық үні 06.01.2023 | 09:42
Бір тәулікте 211 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды
Фото: ТАСС

Қазақстанда бір тәулікте 211 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

Қайтыс болғандар тіркелген жоқ.

6 қаңтардағы мәлімет бойынша, 2 589 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр. Оның ішінде 283 пациент стационарда, 2 306 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

Коронавирус анықталғандар арасында 12 адамның жағдайы ауыр, 5 пациенттің жағдайы өте ауыр деп бағалаған.

3 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама