×

Екібастұздағы ЖЭО-дағы қазандықтарды жөндеу жұмыстары аяқталып қалды

Жұмыстар 7 қаңтар күні сағат 00:00-де бітеді

 Дастан Жұмабекұлы 05.01.2023 | 17:41
фото: pavlodarnews.kz

Екібастұздағы жылу-электр орталықтарындағы қазандықтарды жөндеу аяқталып қалды. Жұмыстарды 7 қаңтар күні сағат 00:00-де аяқтау жоспарланып отыр. Бұл туралы «Екібастұзжылуэнерго» ЖШС хабарлады.

Кәсіпорынның хабарлауынша, қазір жылу-электр орталықтарындағы №6, №9, №12 және №13 қазандықтарда жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

№1 жылу магистраліндегі зақымдануларды жою үшін бүгінде №1 жерүсті павильонына дейін орталық жылу пункті ажыратылды. Осыған байланысты бүгін сағат 08:00-ден 20:00-ге дейін үш көпқабатты тұрғын үйде, 319 жеке тұрғын үйде және 11 заңды тұлғада жылу өшіріледі, – делінген хабарламада.

Жұмыстар 7 қаңтар күні аяқталады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама