Halyq Uni логотип
×

Павлодар облысында 75 тоннаға жуық шөп жанып кетті

Тілсіз жау төрт сағаттан кейін сөндірілді

 Дастан Жұмабекұлы 05.01.2023 | 15:39
Павлодар облысында 75 тоннаға жуық шөп жанып кетті
фото: pavlodarnews.kz

Павлодар облысының Май ауданында 75 тоннаға жуық шөп жанып кетті. Алдын ала болжам бойынша, қасақана өрт қойылған. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, бүгін сағат 01:57-де өрт туралы хабар түскен. 

Майтүбек ауылындағы екі шаруашылықта шөп өртенді. Өрт сөндірушілер оқиға орнына барып, тілсіз жауды сөндіруге кірісті. Осы ауылда Момышұлы көшесіндегі шаруашылық аулада 120 шаршы метр аумақта 40 тонна шөп жанып кетті. Сондай-ақ Гагарин көшесінде 105 шаршы метр аумақта 34 тонна шөп өртенді. Тілсіз жау сағат 06:30-да жойылды, – делінген департаменттің хабарламасында.  

Келтірілген шығынның көлемі анықталуда.

Өртті жою үшін Павлодар облысының төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметінен 1 техника мен 4 қызметкер, Май ауданының төтенше жағдайлар бөлімінен 2 қызметкер, 1 бульдозер және 2 автокөлік жұмылдырылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама