×

Астанада бір түнде 50 мың текше метрден аса қар күрелді

Күн сайын 2 мыңнан аса жұмысшы жұмылдырылады

 Динара Амантай 05.01.2023 | 14:55
Фото: Астана қ. әкімдігінің баспасөз қызметі

Қыс мезгілінің басынан бері елордадан 1,3 млн текше метрден аса қар шығарылды. Бұл – 106 мыңнан аса жүк көлігінің көлеміне тең, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Астана әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, қаланың коммуналдық қызметтері тәулік бойы, әсіресе кешкі және түнгі уақыттарда күшейтілген режимде жұмыс істейді.

Елордада күн сайын қар күреуге мыңнан аса арнайы техника мен 2 мыңнан аса жол жұмысшысы жұмылдырылады.

Ең алдымен, ережелерге сәйкес жолдарда кептеліс болмас үшін қозғалысы қарқынды орындар тазартылады. Сондай-ақ орташа қарқындылығы бар учаскелер – алаңдар, вокзал маңы аумақтары, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кірме жолдар және т.б. орындардың қары күреледі.

Ведомство өкілдерінің айтуынша, қаңтардың 4-інен 5-іне қараған түні қаладан полигондарға 50 мың текше метрден аса қар немесе 3 808 жүк көлігі шығарылған.

Қыс мезгілінің басынан бері коммуналдық қызметтер қаладан 106 мыңнан аса жүк көлігі толы қарды шығарды. Бұл – 1,3 млн текше метрден асатын қар.

Қазір қаланың коммуналдық қызметтері күшейтілген режимде жұмысын жалғастырып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама