×

Тұрғындары ішімдіктен бас тартқан ауылдың әкімі министрден марапат алды

Саудамызды ішімдіксіз, шылымсыз жасап жатырмыз, - дейді жеке кәсіпкер

 Еркеғали Болатұлы 05.01.2023 | 12:15
фото: видеодан скриншот

Қарағанды облысында спирттік ішімдіктен бас тартқан ауыл бар. Онда бір жыл бойы құқықбұзушылық тіркелмеген. Бұл бастаманы ауыл әкімі мен учаскелік полицей ақсақалдар алқасына ұсынып, тұрғындар түгел қолдаған екен. Бұл туралы Qazaqstan телеарнасы хабарлады.

Біздің ауылда полиция бар. Жиі-жиі тексереді. Енді үлкен басымызбен ол баладан сөз естіп, сөгіс алғанша, осылай саудамызды ішімдіксіз, шылымсыз жасап жатырмыз, - дейді жеке кәсіпкер Рысты Сәрсекеева.

Ал ауылдық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Өмір Бүркітбаевтың айтуынша, қазір 222 тұрғыны бар Тікенекті ауылында арақ ішетін адам жоқ. Есесіне жастар бос уақытын пайдалы іске жұмсайды. Негізінен өнерге құмартып, домбыра үйірмесіне келетіндер көбейген.

Учаскелік полиция инспекторы Әлібек Оспанов болса, өзінің бұл нәтижелі бастамасын өзге ауылдарға да насисхаттауға ниетті.

Тағы бір айта кетерлігі, таяуда Қарағанды облысына барып қайтқан Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов осы ауылдың әкімі Ерлан Оспановқа «Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалін табыс етті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама