×

Қаңтар оқиғасына бір жыл: Мәжіліс депутаттары жұмысын бір минут үнсіздікпен бастады

Қаңтар оқиғасында 238 адам қаза тапты

 Дәурен Ерболат 05.01.2023 | 10:15
фото: parlam.kz

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутаттардың қаңтар оқиғасына қатысты сауалына Бас прокурор Берік Асылов жауап береді.

Мәжіліс депутаттары жұмысын бір минут үнсіздікпен бастады.

Осыдан тура 1 жыл бұрын қасіретті қаңтар оқиғасы кезінде жазықсыз жандар нақақ қаза болды. Бүгінгі жалпы отырысымызды қаңтар құрбандарын 1 минут үнсіздікпен еске алудан бастауды ұсынамын, - деді Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов.

Айта кетейік, 2022 жылдың тамызында Бас прокуратура қаңтар оқиғасында қаза тапқандардың тізімін жариялады. Бас прокуратураның бірінші қызмет басшысының орынбасары Елдос Қилымжановтың айтуынша, қаңтар оқиғасында 238 адам қаза тапқан.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама