Қаңтар оқиғасында пайдаланылған қару-жарақ көрмеге қойылды (ФОТО)
Қаңтар оқиғасы кезінде республика бойынша 238 адам қаза тапты
Қаңтар оқиғасында пайдаланылған қару-жарақ көрмеге қойылды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Мәжіліс ғимаратында Қаңтар оқиғасына бір жыл толуына байланысты ұйымдастырылған көрмеге Алматы қаласы және Жамбыл облысынан алынған экспонаттар қойылған.
Ішінде Қаңтар оқиғасы кезінде полиция қызметкерлері қолданған қорғаныс құралы, жасырылған жерінен табылған қару-жарақ бар.
Қорғаныс құралдарында оқтың ізі бар.
«Құқық қорғау қызметкерлері Қаңтар оқиғасы кезінде жаппай соққыға жығылған кезде өзін қорғауы үшін үстіне жауып алған... Бұл қорғаныс құралы адамның үстіне секіру кезінде майысқан», - деді ІІМ Тергеу департаментінің аса маңызды істер жөніндегі аға-анықтаушысы Жеңіс Жақсылықов.
Сондай-ақ полицейлердің каскасы да қойылған. Оның кейбірі ауруханадан алынған.
5 қаңтарда Мәжілістің 2023 жылдағы алғашқы жалпы отырысы өтіп жатыр. Жиында Қаңтар оқиғасына қатысты сұрақтарға Бас прокурор Берік Асылов жауап береді.
Ресми мәліметке сәйкес, Қаңтар оқиғасы кезінде республика бойынша 238 адам қаза тапты. Алматы қаласында қайтыс болған адам көп болды.