Екі жүргізуші мен тағы үш адам қалалық ауруханаға жеткізілді
Талдықорған - Үштөбе тас жолында болған жол апатынан екі адам қаза тапты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы бүгін Toyota Windom және Toyota Sienna көліктерінің соқтығысу салдарынан болған. Көліктердің бірінің жүргізушісі рөлді басқара алмай, қарсы жолаққа шығып кеткен.
Оқиға орнында 75 және 34 жастағы екі жолаушы қаза тапты. Екі жүргізуші мен тағы үш адам Талдықорған қалалық ауруханасына жеткізілді, – деді Жетісу облысы ПД ӘПБ бастығының орынбасары Диас Айнақұлов.
Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша қажетті сараптамаларды тағайындаумен сотқа дейінгі тергеу басталды.