Мереке күндері тәртіп сақшылары 5 кісі өлтіру қылмысын «ізін суытпай» ашқан
Республика бойынша 1-3 қаңтар аралығында 733 қылмыс жасалды. Оның 499-ы тәулік ішінде ашылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі police.kz Telegram арнасына сілтеме жасап.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, мереке күндері тәртіп сақшылары «ізін суытпай» 5 кісі өлтіру, 3 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру, 17 тонау және 118 бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын ашқан.
Еске сала кетсек, бұған дейін Қарағандыда сауда үйінің жанынан 71 жастағы кейуананың мәйіті табылғанын хабарлаған болатынбыз. Сондай-ақ Ақтөбеде жоғалып кеткен 4 жасар баланың өліміне қатысы бар деген күдікпен оның әкесі ұсталған еді.